Астанада лаңкестік әрекетті дайындау және төңкеріс жасау мақсатында адамдарды тарту ісі бойынша үкім шықты

484

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

Астанада лаңкестік әрекетті дайындау және төңкеріс жасау мақсатында адамдарды тарту ісі бойынша үкім шықты

"Елорда тұрғыны "Ш"-ға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді. Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелді", деп жазылған таратылған хабарламада.

Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу