Астанада лифтіде қыз балаға тиіскен ер адамға сот үкімі шықты

392

Оған 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Астанада лифтіде қыз балаға тиіскен ер адамға сот үкімі шықты Фото: видеодан алынған кадр

Астанадағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адамға сот шешімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

12 ақпанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 

Белгілі болғандай, оқиға 11 ақпан күні сағат 11:00 шамасында болған. Сот отырысында зерделенген материалдармен кіреберістің бірінші қабатында 2014 жылы туған кәмелетке толмаған қыз бала жедел сатыны күтіп тұрғаны анықталды. Қыз бірінші болып лифтке кірген, осы кезде ер адам қызды айналып өтіп оған жақын тұрған, кейін қыздың сөмкесі иығынан құлап түскен. Қыз бұрылған кезде ер адам лифттен шығып кеткен.

Сот отырысында Б. кінәсін мойындамады және өз әрекеттерінің себебін де түсіндірген жоқ. Жәбірленушінің заңды өкілі қыз баланың үйіне мазасыз күйде оралғанын, жедел сатыда бейтаныс адам оның артында жақын тұрғанын айтты. Жедел сатының ішінде екеуі ғана болған. Сот ер адамның оқушы қыздың жеке кеңістігі мен тыныштығын бұзды деген қорытындыға келді.

"Cот Б.-ны ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", – деп хабарлады қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу