Астана қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары лифт ішінде тұрып қалған балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2026 жылғы 1 ақпанда А.Бараев көшесі бойындағы жаяу жүру көпірінде 2011 жылы туған бала лифт ішінде қалып қойған.
"Шақырту орнына келген құтқарушылар арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, баланы шығарып алды", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі лифтте тұрып қалғанда келесі ережелерді ұстануға кеңес береді:
Өз-өзіңізді және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
Диспетчерге хабарласыңыз;
Барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
Лифт есігін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
Барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Бұл оқиға лифтте қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін тағы бір рет дәлелдеді.