Астанада LRT-дегі жолақы құны қандай болады?

375

Жоба құрылысы 2026 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Астанада LRT-дегі жолақы құны қандай болады? Фото: Үкімет

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте LRT-дегі жолақы құнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз эстакада бойынша құрылыстық жұмыстардың денін аяқтадық. LRT-ның барлық инфрақұрылымы жазда дайын болады. Қазір рельстер төселіп жатыр, көктемде сигнализация бойынша жұмыстар басталады. Алғашқы пойыздар келесі жылдың тамыз-қыркүйек айында келе бастайды. Біз күзде оның 15 құрамы жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Техникалық қозғалыс келесі жылдың соңында ашылады. Бастапқыда жоба жоспарланған кезде тәулігіне шамамен 20 мың жолаушы болады деп күтілген. Біз бұл көрсеткіш одан да көп болатынын көріп отырмыз. Сондықтан құны қайта есептеледі. Қазір нақты сомасын айта алмаймын. Бір айта кетерлігі, бұл – қоғамдық көлік", – деді әкім тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айтуынша, жол жүру құны ақылға қонымды болады. 

"LRT құрылысы бойынша жұмыстар айтарлықтай жеделдетілді. Эстакада бөлігінің құрылысы аяқталып, станцияларда темірбетон жұмыстары орындалды, сондай-ақ Есіл өзені арқылы көпір салынды. Қазіргі уақытта 18 станцияның құрылысы жүргізіліп жатыр. 2026 жылдың соңына дейін жобаны толық аяқтау жоспарланған, оның ішінде Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің бойындағы LRT эстакадасы астындағы аумақты абаттандыру қарастырылған", – деді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу