Астанада LRT құрылысына байланысты көше жабылады

232

№52 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Астанада LRT құрылысына байланысты көше жабылады Фото: liter.kz

Елордада LRT құрылысына байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінде учаске жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "City Transportation Systems" компаниясы.

11 тамызда сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін LRT металл конструкцияларын бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындауға байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралығында қозғалысқа толық шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты №52 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Компания өкілдері елорда қонақтары мен тұрғындарынан сапарды алдын ала жоспарлауды және Алматы мен Орынбор балама көшелерін пайдалануды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу