"Әкімшілік департаменті және тұрақ кеңістіктерін басқару департаменті "City Transportation Systems" ЖШС-нің жылжымайтын мүлкін жалға беру бойынша ашық конкурс жариялайды", – делінген хабарламада.
Мүлікті жалға алу мерзімі:
– Жалға беру объектілерінің мерзімі тараптар объектіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 11 айды құрайды; 
– Жылжымайтын мүлікті жалдау шарты бойынша міндеттемесін тиісінше орындаған жалдаушының жалға алу мерзімін ұзартуға құқығы бар; 
– Жалға беруші жылжымайтын мүлікті жалдау шартының қолдану мерзімін ұзарту бастамасын көтеруге құқылы.
Жалдау ақысының бастапқы бағасы:
– Бастапқы баға 1 шаршы метр үшін айына 10 000 теңге, қосылған құн салығын қоса алғанда; 
– Конкурсқа қатысушы 1 шаршы метр үшін ұсынатын жалдау ақысының мөлшерін және жалпы соманы көрсетуге тиіс, сома қосылған құн салығын ескере отырып ұсынылуы қажет.
Конкурсқа қатысуға өтінім берудің шарты мен тәртібі:
– Өтінім қабылдау 2025 жылғы 15 тамыз, Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады; 
– Өтінім қабылдауды аяқтау күні 2025 жылғы 20 тамыз, Астана қ. уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейін.
– Өтінімді қабылдау орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 2-қабат.
Конкурс ережесімен толығырақ "City Transportation systems" ЖШС ресми сайтынан танысу мүмкіндігі бар.
 
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        