Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп қалалық мәслихаттың 40-шы кезектен тыс отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сәкен Есіркептің айтуынша, әлемдік тәжірибеде метрополитен немесе жеңіл рельсті көлік жүйелеріндегі станция атаулары сол маңда орналасқан маңызды нысандарға байланысты қойылады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының жол табуын жеңілдету үшін жасалатын қадам.
Сараптамалық қорытынды негізінде ортақ шешім қабылданып, хаттамамен рәсімделді.
Ұсынылған атаулар тізімі төмендегідей:
- 101 станция – Әуежай, орналасқан жері – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы;
- 102 станция – Атамекен, Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы, Әлжан ана мешіті маңы;
- 103 станция – Есіл, Жаңадария көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы аралығы, Авиатор саяжайы;
- 104 станция – Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының қиылысы;
- 105 станция – Астана жұлдызы, Қабанбай батыр даңғылы бойы, Астана жұлдызы айналма жолы маңы;
- 106 станция – Нұра, Қабанбай батыр мен Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысы;
- 107 станция – Университет, 29/2 көше мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы;
- 108 станция – Ұлы дала, Бұқар жырау көшесі мен Ұлы Дала даңғылы аралығы;
- 109 станция – Астана Арена, Алау мұз айдынына қарама-қарсы орналасқан;
- 110 станция – Жекпе-жек сарайы, Орынбор көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы;
- 111 станция – Сығанақ, Сығанақ көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы;
- 112 станция – Бәйтерек, "Abu Dhabi Plaza" СОО жанында орналасқан;
- 113 станция – Министрліктер үйі, Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт залы маңы;
- 114 станция – Ұлттық музей, ҚР Ұлттық музейі жанында;
- 115 станция – Театр, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;
- 116 станция – Мыңжылдық аллеясы, Мағжан Жұмабаев даңғылының маңы;
- 117 станция – Жібек жолы, "Geneva" тұрғын үй кешені маңы;
- 118 станция – Нұрлы жол, Нұрлы жол теміржол вокзалы аумағы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу