Астанада LRT стансасында өрт болды

338

Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұтанған.  

Астанада LRT стансасында өрт болды Фото: Видеодан скриншот

Астана қаласында Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан LRT стансаларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Станса аумағында пластик құбырлар мен мақта жанып, тілсіз жаудың жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрге жеткен.

Мамандар келген кезде жалын сөндірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар өрттің нақты шығу себептерін анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу