Астанада мал сою орындарына қойылатын санитарлық талаптар белгіленді

603

Елордада құрбандық шалынатын орындар анықталды

Астанада мал сою орындарына қойылатын санитарлық талаптар белгіленді Фото: gov.kz

Ертең, яғни 28 маусым күні қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін 30 маусымға дейін тойлай бастайды. Онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова құрбандық шалынатын орындарда малды дұрыс таңдау және сою туралы айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бөлінген мал сою пункттерінде санитариялық талаптардың сақталуын санитариялық және ветеринариялық қызмет мамандары қамтамасыз ететін болады. Өнімге жұмсалатын малдарды сою арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі. Одан өзге жерлерде немесе жеке секторда мал сатуға және құрбандық шалуға тыйым салынады.

Азық-түлік мақсатында пайдаланылатын сойылу үшін жіберілетін малдар ветеринариялық жағынан қолайлы шаруашылықтардан және жергілікті жерлерден жеткізілуі тиіс.

2023 жылғы 28-30 маусым аралығындағы мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде астаналықтар арасында жаппай улануды және ішек инфекцияларын болдырмау мақсатында:

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
- құрбандық шалу үшін жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда ғана союды ұйымдастыру және өткізу.

Мал союға арналған орындарға қойылатын негізгі санитарлық талаптар:

- сою орындарының іргелес аумағын санитарлық тазалауды, абаттандыруды және аумақтың шаң болмауын қамтамасыз ету;

- қалдықтар жинауға арналған контейнерлерді орнату;

- іс-шараны өткізу кезінде арнайы бөлінген теріні сақтау орнын ұйымдастыру, оларды теріні қабылдау пунктеріне шығаруды қамтамасыз ету;

- сумен қамтамасыз ету;

- персонал мен келушілерге арналған құрал-саймандарды санитарлық өңдеу, дезинфекциялау және қол жуу құрылғысымен жарақтандыру;

- қасапшыларды арнайы киіммен (алжапқыш, қолғап, бас киім, резеңке етік) және жеке гигиеналық заттармен (маска, қолғап, тері антисептиктері) қамтамасыз ету;

- етті сақтауға арналған тоңазытқыштардың болуын қамтамасыз ету;

- белгіленбеген жерлерде малды заңсыз сою фактісіне және ет өнімдерін рұқсат беру құжаттарынсыз (ветеринариялық анықтама немесе вет-куәлік) сатуға жол бермеу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу