Мәңгілік Ел даңғылында жолды жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сарайшық көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейін көлік қозғалысы жартылай шектелді, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат.
"27 шілдеден бастап осы учаскеде асфальт бетонның жоғарғы қабатын төсеу үшін автокөліктердің қозғалысына толықтай шектеу қойылады. Жол жабылған кезеңде осы учаскені Сарайшық көшесі арқылы Түркістан көшесімен және Ақмешіт көшесімен (оң жағалау жақтан), сондай-ақ №24 көшесі мен Бөкейхан арқылы (әуежай тарапынан) айналып жүруді ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Елордалық полицейлер жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу