Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік Ел даңғылында жол жөндеу жұмысы басталғанын мәлімдейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Осыған байланысты 23 маусым мен 5 шілде аралығында Хусейн бен Талал көшесінен бастап Ф.Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу