Астана қаласында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы жол айырығынан М1 көпіріне түсетін жолдың оң жақ бөлігіне жөндеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жол төсеміне орта жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 16-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік құралдары үшін қозғалысқа толығымен тыйым салынады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс жағдайларын болдырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу