Астанада мас ер адам күзет мекемесінің оталып тұрған көлігін айдап кеткен

311

Көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды. 

Астанада мас ер адам күзет мекемесінің оталып тұрған көлігін айдап кеткен Фото: «NewTimes.kz»

Анықталғандай, түнгі уақытта күзет мекемесіне дәмханадағы төбелеске қатысты қоңырау түскен. Агенттік қызметкерлері LADA Granta көлігімен келіп, олар дәмханаға кірген.

Дәл осы уақытта қызметтік көлік жарқыраған шамдарымен жұмыс істеп тұрған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осы кезде кафеден шыққан мас адам көлікті көріп, оны үйіне айдап кетуге шешім қабылдаған. Алайда 20 метр жүрместен тұрақта тұрған Hyundai Sonata көлігіне соқтығысып үлгерген.

Қазіргі уақытта көлікті мас күйінде басқарғаны үшін көлік жүргізуге құқығы жоқ күдікті, қамауға алынғандар үшін арнайы уақытша ұстау изоляторына 20 тәулікке қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу