Астанада мас күйде көлік тізгіндеген әйел ұсталды

453

Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.  

Астанада мас күйде көлік тізгіндеген әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Елордада көлікті алкогольдік масаң күйде басқару фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 26 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері таңғы сағат 5:00 шамасында Қорғалжын тасжолының бойында заңбұзушылықты анықтады. Chery автокөлігін тізгіндеген 43 жастағы қала тұрғынын тоқтатқан. Тексеру барысында әйел адамның алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Ол мерекелік отырыстан қайтып келе жатқан.

Құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу