Астанада мас күйде көлік жүргізген ер адам 30 тәулікке қамалды

258

Жүргізушінің куәлігі де болмаған, құқық бұзушылықты қайталаған.

Астанада мас күйде көлік жүргізген ер адам 30 тәулікке қамалды Фото: kolesa.kz

Астанада алкогольдік масаң күйде көлік жүргізген әрі жүргізуші куәлігі жоқ ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған.

"Мас жүргізуші – қылмыскер!" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлік белгісі жоқ "Москвич" автокөлігін тоқтатқан. 

Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жіберген. Тексеру нәтижесінде ер адамның мас күйде болғаны расталды. Сондай-ақ оның көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды.

Осы дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 7-бөлігімен хаттама толтырылып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сот шешімімен жүргізуші 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Елорда полициясы мас күйде көлік жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу