Астанада мас күйінде қайыр сұраған ер адам сотталды

228

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Астанада мас күйінде қайыр сұраған ер адам сотталды Фото: pravmir.ru

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орында айналасындағылардың мазасын алу фактісі бойынша ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, азамат И. алкогольдік масаң күйінде қоғамдық орында бола тұра қайыр сұрап, көлік жүргізушілерінің мазасын алған.

Бұған дейін құқық бұзушы ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша осы тектес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалғаны да белгілі.

Сот отырысы барысында И. өз кінәсін толық мойындап, әрекетті алкогольдік масаң күйде болғандықтан жасағанын айтты.

"Сот қаулысымен құқық бұзушы И. ҚР ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу