Астанада мас жүргізуші көлікпен аударылып, басқа көліктерге зақым келтірді

495

Жол-көлік оқиғасының сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Астанада мас жүргізуші көлікпен аударылып, басқа көліктерге зақым келтірді Фото: polisia.kz

Бейнежазбада түнгі уақытта Volkswagen автокөлігінің аялдама маңында қалай соқтығысқанын көруге болады. Аударылу нәтижесінде тұрақта тұрған Kia және Daewoo Nexia автокөліктеріне соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz Ішкі істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 28 қазанда сағат 03:30 шамасында Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі Абылай хан даңғылымен Айнакөл көшесі бағытында келе жатып, жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтады. Нәтижесінде, зардап шеккендер жоқ.

Медициналық куәландыруға сәйкес, 31 жастағы ер адам жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша тәртіп бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу