Астанада масалармен күрес күзге дейін жалғасады

159

Масаларды улау 1 жылда 6 кезеңде жүзеге асырылады. 

Астанада масалармен күрес күзге дейін жалғасады Фото: gor-san-mos.ru

Елордада масалармен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халыққа жайсыздық туғызатын жәндіктің бұл түрімен күрес жаз басталмай тұрып қолға алынады. Қазір мезгілдің қақ ортасы. Астаналық дезинсекция ұйымы қаладағы масаларды улаудың үшінші кезеңін аяқтады. 

Қыстың қамын жаз ойла демекші, жазғы кештерде халықтың мазасын алатын масаларға қарсы күрес сәуір, тіпті, ауа райы қолайлы болып жатса, наурызда басталып кетеді. Ал аяқталу мерзімі қазан айына дейін созылады, деп жазады 24kz.

Көбінесе су қоймалары тазаланады. Олардың бірнеше түрі бар. Атап айтсақ, қала ішіндегі, құрылыс алаңдарындағы шағын су қоймалары мен тұрақты сақталатын ірі су қоймалары. Ал ашық орындарға келетін болсақ, қаладағы саябақтар, алаңдар, жолдар, тұрғын үй маңдары. Масаларды улау 1 жылда 6 кезеңде жүзеге асырылады. 1 кезең 15-20 күнге созылады. Және олардың арасында 2 апта үзіліс болады, - дейді Астана қалалық дезинфекция орталығының атқарушы директоры Алтынбек Миртасов.

"Масалардың негізгі ошағы – су қоймалары, батпақты жерлер", дейді мамандар. Оларды дәрімен уламас бұрын осы ошақ көздері анықталады. Бұл жұмысты дезинсекция тобынан басқа ғылыми топ атқарады. Сондай-ақ олар масаның түрлерін анықтап, бұл жәндіктермен күресудің тиімді жолдарын анықтап береді. Мысалы, мамандар біздің елде масаның 60 шақты түрі бар деп болжайды. Және оның барлығы бір уақытта шықпайды.

Біз болжам береміз. Мысалы жылдың басында, мамыр айында, қар ери бастағанда аедес деген топтар шығады. Біз соларға қарсы қандай жұмыс істеуді айтамыз. Қандай түрлері болады, қай уақытта шығады. Мысалы қазіргі осы уақытта басқа род, кулекс деген болады, анофелес, т.б. түрлері болады. Балапандары қай уақытта шығады, неше күн өседі, қай уақытта соған қарсы жұмыс істеуге болады соны біз айтып отырамыз. Масаларды түркілікті жою, әрине, мүмкін емес. Бұл істе мамандар тек халыққа жайсыздық туғызатын жәндіктер санын азайтады. Себебі маса қаптады екен деп оларды улай беру қоршаған ортаға зиян. Осы жерде ғылыми топтың тағы бір қызметі шектен тыс дәрілеуге жол бермей, тек белгіленген орындарда жүргізілуін қадағалайды. Осылайша, адамға да, табиғатқа да залал келмейді, - деді Қазақ агротехникалық университеті "Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин" кафедасының меңгерушісі Ануарбек Себатаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу