Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәскеу және Айнакөл көшелерінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты биыл 3-5 шілде аралығында Мәскеу көшесінің Бекетай көшесінен Потанин көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Сондай-ақ жөндеу жұмысына байланысты 3-4 шілде аралығында Айнакөл көшесі бойынша М. Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу