Астанада Мәулен Әшімбаев дауыс берді

593

Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне барлық жағдай жасалды.  

Астанада Мәулен Әшімбаев дауыс берді Фото: inbusiness.kz

Сенат төрағасы Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Бүгінгі күн мемлекетіміз үшін өте маңызды, Президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау еліміздің алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқындайды. Біздің еліміз үшін кейінгі жылдары оңай болмады. Пандемия ел экономикасы мен халқымызға ауыр тиді. Коронавирусты бәріміз бірге еңсердік. Биыл Алматыдағы қаңтар оқиғасы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазір әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұр. Дегенмен қиындықтарға қарамастан Қазақстан халқының бірлігі мықты", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат басшысының айтуынша, бүгін Қазақстан халқы алдағы 7 жылға бір ретке Қазақстан президентін сайлайды.

"Биыл маусымда референдум өтті. Оның негізінде Конституциямызға бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, саяси өзгерістер сайлауға да қатысты. Бүгін халық 7 жылға, бір ретке Қазақстан президентін сайлайды. Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне барлық жағдай жасалды. Кандидаттарға да теңдей мүмкіндік берілді. Дауыс беру барысын халықаралық байқаушылар қадағалап жатыр. Президент сайлауының Қазақстан заңнамалары мен халықаралық стандарттарға сай өтетініне сенімдімін", - деді Сенат басшысы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу