Астанада медицина қызметкерлері арасында жыл сайынғы спартакиада басталды

1066

Астанада медицина қызметкерлері арасында жыл сайынғы спартакиада басталды

2017 жылдың 17 ақпанынан 26 мамырына дейін Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы еліміздің денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының қалалық филиалымен және Астана қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп медициналық қызметкерлердің арасында спорттық спартакиада өткізеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жарыс Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұқаралық спортты дамыту және халықтың кең топтарын дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, медициналық қызметкерлердің денсаулықтарын нығайту, жұмыс қабілеттігін арттыру және ауыру көрсеткішін төмендету мақсатында өткізіледі. 

Астана қаласы медициналық ұйымдарының арасындағы спартакиада жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл спорттық шараға 2000-нан аса медициналық қызметкер қатысып, шаңғы, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, гір көтеру сияқты спорттың 11 түрінен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу