Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Талдау барысында жұмыскерлердің конституциялық құқығының бұзылуы, яғни еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемеу фактілері анықталды.
Бас прокуратура мәліметінше, медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақы төленбегені анықталды.
Қабылданған прокурорлық ден қою шаралары бойынша берешек толығымен өтелді. Медицина қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу