"26 желтоқсанда "Метро" гипермаркетінің жанындағы "Нұрлы жол" станциясының маңында рұқсат етілмеген медициналық қалдықтар үйіндісі анықталды", – делінген хабарламада.
Астана қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына шықты.
Полигон аумағы 50 текше метрді құрайды. Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы материалды сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.