Астанада медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау бойынша дәрігерлер оқытылды

482

Оқытуға Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларынан медициналық ұйымдардан 50-ден астам маман қатысты. 

Астанада медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау бойынша дәрігерлер оқытылды Фото: ДСМ

Астанада Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы базасында"Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау" тақырыбында биылғы бірінші біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Тренингке қатысушылар өткізілетін сабақтардың әртүрлі және қызықты форматын атап өтті. Спикерлер курс шеңберінде практикалық бөлімге, сондай-ақ қатысушылардың командалық жұмыс дағдыларын пысықтауына үлкен көңіл бөлді. Мамандардың пікірінше, бұл курс тиімді коммуникациялар үшін ашық алаң болып табылады.

Бұл біліктілікті арттыру курстары Қазақстандағы медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу шеңберінде сыртқы кешенді бағалау сарапшыларының тізілімін толықтыруға мүмкіндік береді.

ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту орталығында атап өткендей, осындай оқыту курстарын өткізу республикадағы денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу процесін жетілдіруге және оны неғұрлым қолжетімді әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу