Тергеу барысында 19 жастағы екі студенттің "Telegram" мессенджері арқылы есірткі заттарын таратуға бағытталған қылмыстық схемаға кіргені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оларды ұстау барысында аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
Сот үкімімен оларға 7 жыл және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу