Астанада мейрамхананың кассасынан қомақты қаржы ұрлаған қызметкер ұсталды

345

Күдікті кассаан 850 мың теңге ұрлаған

Астанада мейрамхананың кассасынан қомақты қаржы ұрлаған қызметкер ұсталды Фото: polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, тергеу барысында мекеменің қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. 

Кальяншы мен даяшының міндетін атқарушы, 33 жастағы ер адам кассадан еркін қол жеткізу арқылы қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен. 

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның қала аумағында бұрын-соңды жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталды. 

Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне сақ болуды және объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу