Астанада мектеп оқушысының денесі Есіл өзенінен табылды

527

Жасөспірім бір күн бұрын жоғалған.

Астанада мектеп оқушысының денесі Есіл өзенінен табылды Фото: ulysmedia.kz

Қалалық полицияның мәліметінше, 24 қарашада кешкі 18:30 шамасында 14 жастағы жоғалған қыздың анасы полицияға хабарласып, мән-жайды айтқан. Қыз үйден шығып кетіп, сол күйі хабарсыз кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицейлер еріктілермен бірлесіп, жақын маңдағы аумақтар мен жағалауды аралап оны іздеді.

Куәгердің айтуынша, таңғы сағат 6-да мектеп оқушысы көпірден өзенге секіріп кеткен. Содан құтқарушылар қызды бірнеше сағат бойы іздеп, денесін тапты.

"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу