Астанада мектеп тасымалының жаңа жүйесі енгізіледі

824

Астанада мектеп тасымалының жаңа жүйесі енгізіледі

Бүгінгі күні Астанада 117 мың оқушының 26%-ға жуығы мектепке жеке көлікпен жетеді, бұл күнделікті түрде қарбалас уақытта көше-жол желісіне жүктеменің 13%-ға артуына алып келеді. Балалардың 12% қоғамдық көлікпен жүреді, бұл қауіпсіз тасымалға кері әсер етеді.

"Кешенді бағдарлама шеңберінде Астанада мектеп тасымалының түбегейлі жаңа жүйесін құру жоспарланған, ол балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, ата-аналардың таңертең балаларды мектепке жеткізу үшін және кері алып кету үшін жеке көлікпен мәжбүрлі жүруін азайтады", – деп хабарлады бүгін елорда әкімдігіндегі кеңесте Астана әкімі Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, Астанада мектеп тасымалының бағдарлық желісі құрылады. Бастапқы кезеңде биыл жобаны іске асыруды бастау үшін 45 жаңа мектеп автобусын жеткізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу