12 тамыздан бастап қаланың барлық аудандарында мектеп алды жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп жазады Inbusiness.kz Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Сенғазыев Қасымхан мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Астана қаласы аудан әкімдіктері Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп, мына мекенжайлар бойынша тамыз айының демалыс күндері жәрмеңке жариялайды:
- Байқоңыр ауданында - "АймақТау" СО;
- Нұра ауданында - Цирк тұрағы;
- Сарыарқа ауданы – Қосшығұлов көшесі, 14 үй ауласы;
- Алматы ауданында - Абылайхан көшесі, 20 үй маңында;
- Есіл ауданында - "Ботаникалық бақтың" тұрағында.
Қазір осы жәрмеңкелерді өткізу үшін тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу