Астанада мектеп жәрмеңкесі 28 тамызға дейін жалғасады

771

"Demalys Promenade" аумағында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Кеңсе тауарларын, киім-кешек, аяқ киім және керек-жарақтарды нарық құнынан төмен бағамен жергілікті кәсіпкерлер, сондай-ақ қазақстандық тігін және аяқ киім фабрикалары ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Астанада мектеп жәрмеңкесі 28 тамызға дейін жалғасады

Жәрмеңке 28 тамызға дейін жалғасады және 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

"Жәрмеңке қала орталығында ұйымдастырылды. Күнделікті жұмысымызға байланысты базарға бару оңай емес. Мұнда бағалар айтарлықтай төмен. Балаларымызға қажетті заттар сатып алдық. Дәптері, қаламы, сөмкесі - қажеттінің бәрін табуға болады. Отбасылық бюджетімізге салмақ түспеді", - деді елорда тұрғыны Айжан Мұратова.

"Жәрмеңкеге 18 кәсіпкер қатысып жатыр, олардың 6-ы – аяқ киім мен киім өндіреді. Сауда орындары тегін беріледі. Жалғыз шарт – кәсіпкер бағаны нарық бағасынан төмен белгілеуі тиіс. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналарға арнап шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен күн сайын концерттік бағдарламалар қарастырылған", – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкеге кәсіпкерлерден бөлек, үкіметтік емес ұйымдар да жұмылдырылды.

Мәселен, психологиялық сүйемелдеу қызметінің және "Құқық" ҚҚ мамандары заң, психологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін консультациялар өткізеді.

Айта кетейік, жәрмеңке "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы аясында өтіп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу