Астанада мектепке дейінгі ұйымдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтеріп сатқан

201

Қаржы мониторинг агенттігі бірқатар компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Астанада мектепке дейінгі ұйымдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтеріп сатқан Фото: freepik

Астананың мектепке дейінгі ұйымдарына жеткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) бағасы негізсіз көтерілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ӘМАТ бағасының көтерілгенін Қаржы мониторинг агенттігі анықтап, бірқатар компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Астана әкімдігінің білім басқармасы басшылығымен бірлесіп, 98 мектепке дейінгі ұйымдармен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде балабақшалар бойынша шарттың жалпы сомасын азайту жөнінде ӘМАТ жеткізушілерімен қосымша келісімдер жасалады.

Қазір қаланың мектепке дейінгі 21 мекемесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткізу шарттары бойынша баға төмендеді. Соның арқасында 31 миллион теңгеден астам ақша үнемделді.

Сәбіз 49% (336-дан 170 теңгеге дейін), картоп 40% (336-дан 200 теңгеге дейін), қырыққабат 54% (370-тен 170 теңгеге дейін), пияз 45%  (220-дан 120 теңгеге дейін) төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу