Астанада "Мектепке жол" акциясы аясында 200-ден астам балаға оқу құралдары таратылды

287

Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада "Мектепке жол" акциясы аясында 200-ден астам балаға оқу құралдары таратылды Фото: Астана әкімдігі

Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Аналар кеңесінің, "Жомарт жан" орталығының қолдауымен өткен іс-шарада 200-ден астам балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары берілді.

Игі шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов қатысып, акцияға қолдау көрсеткен барлық жанашыр жандарға алғыс білдірді.

"Бүгін елорда тұрғындарымен бірге жыл сайын дәстүрге айналған "Мектепке жол" республикалық акциясының куәгері болып отырмыз. Бұл акция Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп жатыр. Балаларға мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтар беріледі. Осы орайда акцияға атсалып, көмек көрсеткен қалалық Қазақстан халық Ассамблеясына және демеушілерге алғысымды білдіремін", – деді басқарма басшысы.

Астана қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Әміржан Әлпейісов акцияның мақсатына тоқталып өтті.

"Бүгінгі акцияның мақсаты – оқушыларды мектепке қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға жаңа оқу жылы аясында әлеуметтік қолдау көрсету. Аталмыш акцияға елордалық ҚХА жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді", – деді Әміржан Әлпейісов.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мектепке жол" республикалық акциясы еліміздің барлық өңірінде өтуде.

Бұл акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу