Астанада мемлекет қайраткері Сергей Дьяченкомен қоштасуда

1119

Астанада мемлекет қайраткері Сергей Дьяченкомен қоштасуда

Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі М.Горький атындағы драма театрында өтіп жатыр, деп хабарлайды khabar.kz.

Қоштасуға марқұмның әріптестері – Мәжіліс депутаттары мен басқа да мемлекет және қоғам қайраткерлері келді.

Мәжіліс депутатының өмірден озғаны туралы суыт хабар 26 қазанда белгілі болды. Төменгі палатаның спикері Н.Нығматулин пленарлық отырыс басталар алдында Сергей Дьяченко ұзаққа созылған науқастан қайтыс болғанын хабарлады.

 Дьяченко 1952 жылдың 18 қыркүйегінде Ақмола облысы Шортанды ауылында дүниеге келген. 1999 жылдан бері Парламент Мәжілісінің бірнеше шақырылымында депутат қызметін атқарды. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары қызметін де атқарған. 2010 жылы Ақмола облысының әкімі, артынша қайта депутат болып сайланған болатын. Жүздеген мақала, кітаптар жазды. "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі "Құрмет белгісі", "Парасат", I дәрежелі "Достық" ордендерімен, ТМД-ның "Достастық" орденімен, сегіз медальмен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу