Астана қаласының тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта коммуналдық меншікке Сарайшық көшесінің оң жағындағы (Жұмабаев көшесінің шығысына қарай Лот 1 (Лот 5) орналасқан тұрғын үй кешендерінен үш бөлмелі пәтерлер тапсырылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты, тұрғын үй комиссиясының 2017 жылғы 24 қаңтардағы отырысында, алған баллдарға сәйкес осы күнге дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған азаматтар арасында, көрсетілген тұрғын үй кешендерінен пәтерлер бөлу жүргізілді.
Астана қаласының тұрғын үй басқармасы пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау бойынша жұмыс басталды (Сейфуллин көшесі, 30 үй, 11 кабинет). Сатып алу-сату шарттарын жасау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін жүргізіледі.