Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы 20 млн теңге пара алған

446

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мәлім етті.

Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы 20 млн теңге пара алған Фото: google.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған, деп хабарлайды inbusiness.kz

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда.

Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу