Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында интеллектуалды сайыс өтті

711

13 команда қатысты

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында интеллектуалды сайыс өтті Фото: gov.kz

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай "Qazaqwa Quiz" интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сайыстың мақсаты – қазақтың тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, сондай-ақ ана тілімізді, білім культін мамандар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды арттыру, зияткер ортаға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу.

Жиынға ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметкерлері, Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты, Дене шынықтыру және спорт, Білім, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Активтер және мемлекеттік сатып алу, Дін істері жөніндегі басқармалары, "Астана қаласының коммуникациялар қызметі" КММ, "Nomad City Hall" МКҚК командасы, Астана қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ мекемелері қызмекерлерінен құралған 13 команда қатысты.

Интеллектуалды сайыс бес кезең бойынша өтті. Әр кезеңде логикаға, медиа форматтағы: аудио, видео материалдарға және т.б негізделген сұрақтар қойылды.

"Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – басты міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы", - дейді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Төрт сағатқа созылған сайыстың қорытындысы бойынша ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мамандарынан құралған "Бес бәйтерек" командасы І орынды, Астана қаласы әкімдігінің "Nomad City Hall" МКҚК командасы ІІ орынды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "МИИР Press" құрама қомандасы ІІІ орынды иеленді.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары бағалы сыйлықтармен, диплом және алғысхаттармен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу