Астанада мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтеді

915

Астанада мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтеді

17 қаңтарда "Еуразия" сауда орталығында Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік органдармен, "Азаматтарға арналған үкімет" МК-ның департаменттерімен бірлесіп, "Мемлекеттік қызметтердің  жәрмеңкесін" өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халық арасында мемлекеттік қызметтердің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі мен электронды мемлекеттік қызметтерді дәріптеу шараның басты мақсаты. 

Жәрмеңкеге жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік қызметтер саласында қызметтері сұранысқа ие аумақтық департаменттердің өкілдері қатысатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу