Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге өтеді

734

Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайды.

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының турнирі өтеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сайыстың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлерінің федерациясы.

Бәйгенің "Құнан", "Жорға", "Топ" және "Аламан" түрлерінен еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі.

Дода 4 маусым күні сағат 12:00-де "Қазанат" атшабарында (Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайында, №303, 323 автобустар қатынайды) басталады. Кіру тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу