Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай телемарафон өткізіледі

562

4 маусымда "Ел рәміздері – еркіндік нышаны" телемарафоны іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай телемарафон өткізіледі Фото: Егемен Қазақстан

Телемарафонның мақсаты – Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыру.

Телемарафонның бағдарламалық іс-шаралары мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында өтеді.

Олардың ішінде:

  • ақпараттық роликтер;
  • мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат;
  • патриоттық іс-шаралар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу