Астанада мемлекеттік сатып алу саласында 4 млрд теңгеге жуық бұзушылық анықталды

427

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасудың 23 фактісі анықталды.

Астанада мемлекеттік сатып алу саласында 4 млрд теңгеге жуық бұзушылық анықталды Фото: baq.kz

Есіл ауданының прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, бас қаладағымемлекеттік мекемелер міндетті түрде тендер өткізбестен таңдалған өнім берушілермен тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 23 фактісі анықталды.

Басқа жағдайда, мемлекеттік мекемелер әлеуетті қатысушылардың санын шектеп, жұмыстарды лоттарға бөлмей, олардың біртекті түрлері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарын заңсыз түрде күрделендіріп, нәтижесінде конкурсқа көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін көрсетпей, сондай-ақ қаржы жылынан асатын мерзімге шарт жасасуға тырысты.

Бұдан басқа, прокуратура органдары тарапынан қадағалау актілерінің арқасында мемлекет кірісіне 26 млн теңге өндіріліп, жосықсыз мердігерлерден айыппұл санкцияларын өндіріп алу бойынша әрекетсіздік фактілері анықталды.

Енгізілген қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша 3,9 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз мемлекеттік сатып алу қорытындылары жойылды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, барлық мемлекеттік ұйымдарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу