Астанада менингитке қатысты карантин жарияланған жоқ

765

Астанада менингитке қатысты карантин жарияланған жоқ

Астанада менингиттің өршуіне байланысты 15 маусымға дейін карантин жарияланды. Кешеден бері әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарап жатыр. Халық арасында дүрбелең туғызған мәліметке қатысты қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеме жасады. Олардың айтуларынша, ватсап месенджері мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.  

Қазіргі уақытта елорда бойынша жағдай қалыпты, барлық ауруханалар штатты режимде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша менингит жұқпасынның алдын алу үшін 1430 нөмірімен  арнайы call орталық ашылған.

Естеріңізге салайын, жыл басынан бері Астанада менингит жұқтырған 5 жағдай тіркелген. Біреуі ақпан айында болса екі адам сәуір айында ауырыпты. Ал 29 мамырда аталған диагноз 2014 жылғы балаға қойылса, 4 маусым күні 2 жастағы сәби менингитке шалдыққаны белгілі болды. Қазіргі уақытта соңғы екі баланың жағдайы  да жақсы, бір қалыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу