Астанада мереке қарсаңында 24 сәби өмірге келді

376

Елордада Астана күні тек мерекелік іс-шараларымен ғана емес, дүниеге келген сәбилердің сүйінші жаңалығымен де есте қалды.  

Астанада мереке қарсаңында 24 сәби өмірге келді Фото: helios-gesundheit.de

6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден бастап Астанада 24 сәби дүниеге келді. Оның 15-і – ұл, 9-ы –қыз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық перинаталдық орталықта 7 сәби өмірге келді. Оның ішінде 4 ұл және 3 қыз бала бар.

№2 көпбейінді қалалық ауруханада 9 нәресте дүниеге келді, олардың 8-і – ұл, 1-еуі – қыз.

Ал №3 көпбейінді қалалық ауруханада 8 сәби туған. Оның ішінде 3 ұл және 5 қыз бар. Қазіргі уақытта барлық ана мен нәрестенің жағдайы жақсы.

Олар медицина қызметкерлерінің бақылауында, қажетті медициналық көмек пен күтімді алып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу