City Transportation Systems Астанада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жүретінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қалады, бекітілген кестеге сәйкес жүреді. Ал мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес (06:00-23:00) жүреді.
1 қаңтар сағат 10:00-ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00-ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді. Экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді.
2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз қалады.
5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді.
7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді.
"Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді. Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз", – деп хабарлады CTS.