Астанада мешіттен аяқ киім ұрлаған күдікті ұсталды

154

Ұрланған спорттың аяқ киімнің құны – 175 мың теңге.  

Астанада мешіттен аяқ киім ұрлаған күдікті ұсталды Фото: Мұрағат/polisia.kz

Елорда аумағында мешіттердің бірінде тіркелген ұрлық фактісі бойынша 34 жастағы ер адам анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, күдікті мешітке келіп, келушілерге арналған аяқ киім сөресінен құны 175 мың теңге тұратын кроссовканы жасырын түрде иемденген.

Ол өзіне тиесілі ескі аяқ киімін сол жерде қалдырып, жаңа кроссовканы киіп, еш кедергісіз шығып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басын анықтап, оны қысқа мерзімде ұстады. Ұрланған аяқ киім тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу