Елордалық полицейлер мешіттен аяқ киім ұрлаған азаматты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мешітте аяқ киім ұрлау фактісі бойынша полицияға қала тұрғыны жүгінді. Ер адам аяқ киімді арнайы ұяшыққа салғанын хабарлаған. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер ұяшықтардағы аяқ киімдерді мұқият қарап, өзіне дәл келетінін таңдап жүрген жігітті байқаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының полицейлері ұрлыққа қатысы бар 23 жастағы тұрғынды анықтады. С
Сотқа дейінгі тергеу барысында оның бұрын танысының ұялы телефонын сұрап, мобильді банкингтен өзіне 47 мың теңге көлемінде ақша аударғаны белгілі болды. Иемденген басқа біреудің ақшасын ол онлайн-казинода ұтылып қалған, ал Samsung A32 телефонын ломбардқа өткізген.
Ер адам мойындау көрсетпелерін берді және ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.