Астанада 11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында Тарауих намазынан кейін мешіттер жанынан арнайы автобустар жүреді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.
"Республикалық Бас мешіт" мешітінің бағыттары:
Целинный шағын ауданы;
Есу арнасы;
Республика даңғылы.
"Әзірет Сұлтан" мешітінің бағыттары:
"Спутник" супермаркеті;
Теміржол вокзалы;
"Көктал-1,2" елді мекендері.
"Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің бағыттары:
"Көктал-1,2" елді мекендері;
Теміржол вокзалы;
Мед. колледж.
"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бағыттары:
"Көктал-1,2" елді мекендері;
"Кирпичный"елді мекені.
"Рахымқызы Райса ана" мешітінің бағыттары:
"Рахмет" СО.
"Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.