Астанада металл қабылдайтын 4 орын жабылды

731

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 30 металл қабылдау орнын жауып, ол жерден 50 тоннадан астам металл тәркіленді.

Астанада металл қабылдайтын 4 орын жабылды

Астаналық полицейлер осы жылдың 28 ақпаны мен 6 наурызы аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жедел алдын алу іс-шарасының 1 күндік қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 900-ге жуық аулны аралады, 20-дан астам қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 5 адам ұсталды. Сонымен қатар, 800-ден  астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Полиция департаменті түрлі-түсті және қара металл ұрлығының, сондай-ақ, кәріз қақпақтарының ұрлануының алдын алу, жолын кесу бойынша жергілікті-рейдтік іс-шараларды үнемі өткізеді.

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында 28 ақпанда Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері металл қабылдайтын 4 орынды жапты, онда 2,5 тоннадан астам металл тәркіленді. Металл қабылдау пункттерінің 21 иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 463 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 30 металл қабылдау орнын жауып, ол жерден 50 тоннадан астам металл тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу