Астанада металл қабылдау пунктінен зираттың темір қоршаулары табылды

98

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде заң талаптарын бұза отырып, тиісті рұқсат құжатынсыз жұмыс істеген металл қабылдау пункті анықталды.  

Астанада металл қабылдау пунктінен зираттың темір қоршаулары табылды Фото: gov.kz

Тексеруге қала тұрғынының зират аумағынан темір қоршау ұрланды деп шағымдануы негіз болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында металл айналымы саласындағы заңсыз қызметті анықтау және жолын кесу мақсатында жүргізілді.

Оны Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, қалалық Полиция департаменті және Сарыарқа ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Тексеру барысында оқиға орнында зираттардағы вандализм фактілеріне қатысы болуы мүмкін заттар – темір қоршау, темір бейіт белгілері, металл айқыштар, сондай-ақ темір үстелдер тәркіленді.

Аталған дерек бойынша тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу