Астанада Министрлер конференциясы мен VIII Халықаралық форум өтеді

1002

Астанада Министрлер конференциясы мен VIII Халықаралық форум өтеді

ЭКСПО көрмесінің ең алғашқы шарасы Министрлер конференциясы мен VIII-ші Халықаралық форумның ашылуымен басталады. Форумның негізгі тақырыбы "Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету". Оны KAZENERGY қауымдастығы өткізеді. 

Энергетика тақырыбына арналған шара ЭКСПО-ның жаңа Конгресс-орталығында ұйымдастырылады. Бұл конференцияға 50-ден аса мемлекеттің ресми өкілдері қатысады деп күтілуде. Оның ішінде 20-ға жуық энергетика министрлері мен вице-министрлер, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың 10 басшысы бар. 2030-шы жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы шараларды қамтитын Конференцияны Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ашады. Министрлер жасыл теxнологиялар мен инновациялардың xалықаралық орталығын құру бастамасына да қолдау көрсетіп, оны бірлескен мәлімдемеге енгізеді деген жоспар бар.

Болат Ақшолақов "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры:

"Шара барысында қазба байлықтарды пайдалану, баламалы қуат көздерін дамыту, сондай-ақ энергияны үнемдеу шараларын күшейту және тағы басқа маңызды мәселелері талқыланады. Астанадан әлемнің 50-ге тарта бұқаралық ақпарат құралдары хабар таратады".  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу