Астана тұрғыны мопед рулін басқара алмай КамАз-ға соғылған. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"25 тамызда сағат 21:14 шамасында мопед жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне қарай Сарайшық көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, тұрған "КамАЗ" автокөлігіне соқты. Апат салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды", - делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу